Таланттар пулына Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері болып табылмайтын, келесі өлшершарттарға сай бола алатын тұлғалар қатыса алады:
1) кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;
2) жоғары білімнің болуы (бакалавр/маман).
Ғылыми дәрежеге ие болу (кандидат немесе ғылым докторы, PhD), жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсіптік сертификаттар талап етілмейді, бірақ егер үміткерде бар болса, оларды Таланттар пулына қабылдану кезінде артықшылық деп санауға болады.
3) ұсыным хаттар (жетекшілерден және/немесе әріптестерден (кем дегенде 3).
EgovMobile қосымшасын жүктеп алу, тіркелу және ЦИфрлық құжаттар бөлімінде электрондық жеке куәлікті жүктеп алу қажет.
Таланттар пулына 6 бағыт қамтылады:
1) жер кадастры,
2) жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу,
3) әлеуметтік қызметтерді көрсету,
4) халыққа қызмет көрсету және сервис мәдениеті,
5) IT технологиялар
6) басқа бағыттар / санаттар.
Үміткердің жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс, ал жасына қатысты шектеулер жоқ.
Таланттар пулына іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткер ЭЦҚ-ны қолдану арқылы talent.gov4c.kz арнайы ақпараттық жүйесінде тіркеліп, құжаттарын қоса бере отырып жеке деректерін толтыруы қажет.
Мемлекеттік корпорацияның бос лауазымдарына тағайындау үшін резервшілерді іріктеу жүйесін құру.
1) Пайдаланушы келісімінде көрсетілген іріктеу шарттарын орындамау үміткерді іріктеу процесінен немесе Таланттар пулынан шығаруға негіздеме болып табылады;
2) құжаттарды толық көлемде ұсынбау үміткерді іріктеу процесінен немесе Таланттар пулынан шығаруға негіздеме болып табылады;
3) резервшінің тіркеу кезеңінде қасақана жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсынуы;
4) Таланттар пулына тіркелген резервшілердің сыбайлас жемқорлық және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.
Резервшілер құрылымдық бөлімшелердің, филиалдардың басшылары, бас мамандар/сарапшылар бос лауазымдарына үміттене алады.
Сараптау комиссиясы үміткерлердің өтініштерін 2021 жылғы 25 наурыздан 30 сәуірге дейін әр үміткерге жеткізілетін кесте бойынша қарастыратын болады.
НҚА (нормативтік құқықтық актілер) білуіне тестілеу әр НҚА бойынша 15 сұрақтан тұрады:
ҚР Конституциясы,
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы
«Дербес деректер туралы» ҚР Заңы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы» ҚР Заңы
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы.
Таланттар пулына конкурстық іріктеудің нәтижелері 2021 жылдың мамыр айында жарияланатын болады.
Ешқандай шектеулер жоқ, талаптарға сай келетіндердің барлығы қатыса алады.
Үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарына сәйкес логикалық тестілеуден (вербалды және сандық), сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеуден өту тиіс. Тесттер үміткердің құзыреттерін айқындауға бағытталған.
Таланттар пулына іріктеу және кезеңдерден өтуі туралы ақпарат Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердегі ресми парақтарда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ақпараттық жүйесіндегі үміткерлердің жеке кабинетінде орналастырылады.
Үміткер Таланттар пулының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін ЭСҚ қолдануы міндетті.
Сараптау комиссиясы үміткерлер ұсынған деректердің, тестілеу мен сұхбаттасудың нәтижелерінегізінде үміткерлердің қабілеттерін кешенді бағалауды жүзеге асырады.